«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында облыстық «Алтын қазына» балалардың көркем және сәндік-қолтанбалы шығармашылығы көрме байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары Құралай Нұрланова, Дана Жасталапова «Шыныны көркемдеп өңдеу», «Ұлттық ою-өрнекті бас киімдер» номинациялары бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, Әлия Дінішева «Қағаздан жасалған мүсін» бағытында байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Қыздарымызды эстетикалық талғаммен бұйым жасауды үйреткен, шығармашылық шеберліктерін дамытқан жетекші ұстазы Индира Юсупованың еңбегін де атап өту қажет.
Қ.Қыдыршаева,
Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары