Ұлттық дәстүр ұлықталды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Көрісу күні» аталып өтілді. Ізгі мерекеге аудан әкімі Қайрат Нұртаев қатысып, әз Наурыздың бастауымен құттықтады.

Мәдениет үйінің фойесі ұлттық нақышта безендіріліп, кимешек киген ақ жаулықты әжелер табалдырықтан аттаған әр қонағын жылы жүзбен қарсылап, Наурыз көжесін ұсынды. Одан әрі шара «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты театрландырылған көрініске ұласты. Ұлыстың алғашқы күнімен құттықтаған үлкендер бір-бірімен төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасады. «Жаңа жыл құтты болсын!», «Ақ мол болсын!» деген ізгі тілектерін білдіріп, арқа-жарқа болып, дастархан басына жайғасты. Салт-жоралғылар мен ұлттық ойындар жаңғыртылып, мерекенің шырайын келтірді. Аудан өнерпаздары Заря Қуанышқызы, Толыбай Қажыгереев, Алмазия Жаһина, Нұрдәулет Нұрланов, Гүлзада Кенжешова әннен шашу шашып, күйлерін күмбірлетті. Театрландырылған көрініс барысында жас ұрпаққа Ұлыс күнінің маңызы жөнінде өсиет, өнеге айтылып, «Ұлыс береке берсін, бәле-жәле жерге енсін! Көйлектерің көк болсын, уайым-қайғы жоқ болсын! Әумин!» деген ақ бата берілді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT