Ұлт емес, қабілет пен білім – басты өлшем

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында айтылған ойлары – еліміздің болашағы үшін аса өзекті мәселенің бірі. Әсіресе, шетелден мықты мамандарды тарту және оларды Қазақстанда тұрақтап қалатындай жағдай жасау – уақыт талабы. Қазіргі заманда ұлтқа емес, қабілетке, білімге және тәжірибеге сүйену – дамыған елдердің таңдаған жолы. Біз де осы бағыттан қалыспауымыз керек.

Ғылым мен білімді инновациямен ұштастыру – экономиканы жаңа деңгейге көтерудің басты кепілі. Президент атап өткендей, жасанды интеллектіні қолданатын университеттерге көбірек дербестік беру, дарынды зерттеушілерді қолдау, шетелдегі білікті мамандарымызды елге қайтару – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Өйткені елдің келешегі – сапалы адами капиталға тікелей байланысты.

Еліміздің болашағын баянды ететін де, экономикамызды ілгерілететін де – сол білімді, білікті азаматтар. Сондықтан бұл бастаманы қолдау – баршамыздың парызымыз.

Таңатар Дәрелұлы, ардагер журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT