Құрманғазы ауданында өтетін «LOTUS FEST – 2025» халықаралық фестивалі аясында туристік инфрақұрылымды дамыту, экотуризм бағыттарын кеңейту және жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы орган және жауапты мердігерлердің белсенді қатысуымен орындалды:
Атап айтсақ:
ЖК "Арсен" тарапынан Лотос алқабын тамашалау үшін арнайы жүзбелі құрылымдар орнатылды. Бұл құрылымдар фестиваль қонақтарына табиғи лотос гүлдерін жақыннан көруге және фотосуретке түсіруге мүмкіндік береді.
"А5" мекемесімен көпірді жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Жаңа жарық шамдары кешкі уақытта қауіпсіз жүріп-тұруға жағдай жасап қана қоймай, фестивальдің эстетикалық атмосферасын толықтырады.

"Нәр берген" мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Теңіз ауылындағы жағажайды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар инклюзивті туризм қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылып, барлық келушілерге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
ЖК Утеуов бақша-саябақ мүсіндерін жасау және орнату жұмыстарын орындады. Орнатылған мүсіндер демалыс аймағының көркемдік келбетін арттырып, фестивальге келген туристер үшін ерекше фото-аймақ ретінде танымал болуда.

"А5" мекемесімен туристердің тынығуына арналған беседкалар орнатылды. Бұл құрылымдар табиғат аясында демалуға және фестиваль қонақтары үшін көлеңкелі жайлы орындар ұсынуға арналған.
Аталған шаралар «LOTUS FEST – 2025» фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға зор үлес қосып отыр.
