ЛОТОС ФЕСТИВАЛІ ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

(0 Votes)

Халық көптен күткен шара биыл өтпейтін болып шешілді. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, бұған өңірдегі көктемгі су тасқынына байланысты енгзілген төтенше жағдай себеп болып отыр.

«Іс-шараны ұйымдастыру бойынша конкурс өткен жоқ» деп қысқа қайырды аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Гүлхат Хамза.

Еске сала кетейік, фестиваль туралы былтыр аудан әкімі Абат Жанғалиев мәлімдеген болатын.

– Біздің аудан географиялық орналасуы жағынан туризмге сұранып тұр, - деген еді ол. – Әсіресе, шілденің алғашқы онкүндігінде лотос өсімдігі гүлдеп, таңғажайып табиғат көрінісі алыстан көз тартады. Осы кезде туристердің қарасы қалыңдайды. Тіпті, алыс шет елдерден арнайы ат арытып келетіндер де бар. Сондықтан осы туризм бағытында бірнеше жобаларды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Мақсат – туризмді насихаттап, жан-жақты дамыту. Сондай-ақ, лотос алқабын табиғи резерват аумағына бергіміз келеді. Себебі, оны көруге келгендер оған мейлінше зақым келтірмегені дұрыс қой.  

Айта кетейік, ауданда туристер демалатын алты орын бар. Онда барлық жағдай жасалған. Өткен жылдың өзінде туристер қатары төрт есеге өсіп,  5 мыңға жуықтаған. Осының өзі салаға деген сұраныстың зор екенін айқын аңғартып тұр.

Әділет АМАНГЕЛДІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521