Өлкетанушылар округтерді аралады

(0 Votes)

Аудандық «Өренді өлкетаншулар» клубының мүшелері, төрағасы, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы, жазушы, ақын Таңатар Дәрелұлы, ардагер журналист Жұмақай Мұғалұлы, медицина саласының ардагері Зинетолла Ақпанов, «Үздік өлкетанушы» Зерек Көбесқызы, аудандық музей директоры Жазира Хайрошова болып, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Байда округтерін аралап, тұрғындармен кездесті.

Өмірзақ Қажымғалиұлы референдумның маңыз-мақсатын талдаған кең көлемде түсінік берді. Мұның бұрынғы өткен сайлаулардай түрлі келеңсіздікке жол берілмейтіндігін, бұдан арғы жылдарда жаңарған Қазақстанда өмір сүретін республика тұрғындарының мүддесі көзделіп отырғандығынжан-жақты жеткізді. Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының барлық билікке халықты араластыруға деген тың бастамасын қаперге берді. ҚР Конституциясын жаңартып жетілдіру ортақ мүддемізді көздегендіктен туындап отырғандығын, сондықтан оған баршаның қатысып, өз құқықтарын білдіруі маңызды делінді.

lketanushylar-okrugterdi-aralady

Сөйлеген округтердегі ардагерлер кеңестерінің төрағалары Мәдениет Хамзаев, Аманғали Сейтеков, Сағындық Рамазанов, Яков Исмағұлов түсінік жұмыстарын сол күнге дейін жалғастырып, бір-біріне хабарлаудың нәтижесінде ұйымшылдық болатынын жеткізді. Өлкетанушылар Таңатар Дәрелұлы, Жұмақай Мұғалұлы, Зерек Көбесқызы, Жазира Хайрошова өздері атқарып жүрген клуб жұмысының жетістігіне, мүшелерінің өлке тарихын жан-жақты зерделеудегі жанкештілігіне тоқталып, ата-баба рухы үшін бұл ақысыз қызметке араласуларын өтініш етті. Зерек Көбесқызына «Өренді өлкетанушы» төсбелгісі куәлігімен табысталды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT