«Өлкетану» кабинеті құрылмақ

(0 Votes)

Құт қонған Құрманғазы мектептерінде «Өлкетану» кабинеті құрылмақ.

Бұл туралы Абай атындағы жалпы орта мектебінде өткен қоғамдық кеңесте белгілі болды. Оған аудан білім ошақтарының директорлары мен музей өкілдері, білім бөлімінің мамандары мен академик жазушы, өлкетанушы Өмірзақ Қажымғалиұлы қатысты.

0183afad-1af1-4b97-93b1-c3ecfc5b0a11

Жиында сөз алған Өмірзақ Қажымғалиұлы мұндай ұсыныс тастаудағы мақсатына тоқталып өтті. Оның айтуынша, орыстанған кей атаулар бүгінде қазақша атау алып жатса да тұрғындар тарапынан түсінбеушілік көп екен. Оған мысал ретінде бұрынғы Котяев, қазіргі Байданы тілге тиек етті. – Көбі бұл атауды тура мағынада түсініп, қазір оны өзгертуге бірқатар жұмыстар жасалуда. Десе де, бұл құлаққа түрпідей тиетін атау емес. 1827 жылы жарық көрген бұл түркіден шаққан ноғайдың сөзі екені жазылған. Осыны одан әрі тереңдетіп, өлке тарихын зерделеуге балаларымызды жетектеп, оларды қызықтыру мақсатында әр мектептен арнайы өлкетану тобын құрып, аудандық Өлкетанушылар клубына бір мүшеден қабылдасақ деген ұсыныс бар,-дейді өлкетанушы.

d0c28bc5-ead3-47db-8ba4-51aaa75d0541

Бұл пікірді жиналған басшылар да құп көріп, бір ауыздан қостады. Ал оның қашан құрылары уақыттың еншісінде. Қоғамдық кеңес соңында жергілікті өлкетанушы Өмірзақ Қажымғалиұлы өзінің «Қасиетті мекен, құт қонған – Құрманғазы» атты еңбегінің ІІ-томын аудандық білім бөлімінің мамандарына табыстады. Сонымен қатар, әр мектептің кітапханасының сөресіне бір данадан қойыларын қаперге берді.

 

Жайдарлым Ибатолла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT