«Өлке тарихының ақтаңгері»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «республиканың Құрметті журналисі», «баспасөз саласының үздігі», «Тіл жанашыры», «Үздік өлкетанушы» белгілерінің, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Өтепберген Әлімгерейұлының мерейлі 70 жасқа толуына орай «Өлке тарихының ақтаңгері» атты мәдени шара ұйымдастырылды.

Алдымен мерейгер жерлесіміз Өтепберген Әлімгерейұлы аяулы жары Назира Шапихқызымен сахна төрінен орын алды. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев жүрекжарды лебізін білдіріп, шара қонағының иығына шапан жауып сый-құрмет көрсетті.

Бұдан әрі академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, ҚР Жазушылар, журналистер одақтарының мүшесі Таңатар Дәрелов, облыстан мерейгердің шашбауын көтеріп келген химия ғылымдарының докторы, Атырау мұнай-газ институтының профессоры Есенғали Ғилажев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы директорының орынбасары, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Әлия Дәулетбаева ақжарма тілектерін ақтарып, Өтепберген Әлімгерейұлының тұлғалық келбетіне, азаматтық ұстанымына тоқталды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT