Өлке тарихының ақтаңгері

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде тарихшы-ғалым, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстанның үздік өлкетанушысы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, бар ғұмырын  ұлттың  тарих ғылымына арнаған  зерделі зерттеуші, жерлесіміз  Амангелді Шамғоновтың 80 жасқа толуына орай  «Өлке тарихының ақтаңгері» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Алдымен кеш қонағы қошеметпен сахна төріне шақырылды.

Аудан өнерпазы Толыбай Қажыгереев жергілікті ақын Нұрлығайын Нұғмановтың «Нарынның қоңыр ұлына» деген арнауын орындады. Аудан әкімі Марат Мурзиев құттықтау тілегін білдіріп, мерейгерді құттықтау хатымен және «Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл» толуына арналған естелік төсбелгімен марапаттап, құрмет көрсетті.

k

Құттықтаулар легін академик жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, еңбек ардагерлері Жұмақай Ғұмаров, Нұрлығайын Нұғманов, Ғарифолла Оралбек, Манаев атындағы жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Клара Таупихова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Есмұхан Жанизин, Исатай батырдың ұрпағы Ерназар Ибраев жалғастырып, Амангелді Шамғонұлының туған жердің тарихына қосқан өлшеусіз еңбегін атап өтті. Өлкетанушының 2019 жылы «Фолиант» баспасынан шыққан «Ұлы дала батыры – Тайманұлы Исатай» атты тарихи-ғұмырнамалық кітабын оқырманға таныстыру үшін сөз аудандық орталық кітапхананың оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Людмила Рахметоваға берілді. Жаңа туындының тұсаукесер рәсімін академик жазушы Ө.Қажымғалиев, Исатай батырдың ұрпағы Е.Ибраев жасады. Кездесу кешін жерлесіміз, өлкетанушы Амангелді Шамғонұлы қорытындылап, шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді. Шарада аудан өнерпаздары Гүлзада Кенжешова, Гүлзада Жұмалиева әсем әндерін орындады.

Айнагүл Күнұзаққызы   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521