Лимит жоспары 49 %-ға орындалды

(0 Votes)

Аудан көлемінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес қызмет атқаратын «Каспий-Балық»ӨК, «Каспий таңы»ӨК,  «Ш.Сүлейменов» ЖШС,«Е.Сәрсенбаев»ЖК бар, бұл шаруашылықтардан басқа Атырау қаласындағы «Аманкелді», «Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бөлімшелері аудан аумағында балық шаруашылығымен айналысады.

2021-2022 жылдары балық аулау науқанына 5711 тонна балық аулау лимиті бөлінді, күні бүгінге 2809 тонна балық ауланып, жоспар 49 пайызға орындалды. Науқан әлі де жалғасуда.

2020-2021 жылдары ауылшаруашығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары нәтижесінде көлемі 162 272 гектарды құрайтын     32 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.Оның ішінде шаруа қожалықтарының жері 28 учаске тапсырылған жер көлемі - (7262 га) және  4  ауыл шаруашылығы құрылымдары тапсырылған жер көлемі – 155010 гектар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT