Исламда орынсыз ысырапшылдық шайтанның ісі екені айтылған.
Пайғамбарымыз хадисінде : “Қолыңды тасқылып жұмып алма, ашып та ұстама, осы екеуінің ортасында бол”, - деген. Яғни сараңдық пен ысырапшылдықтан тежеген. Қазақ : “Өлім байдың малын шашады, жарлының артын ашады”, - деп текке айтпаған.
Қаделерді бергенде әлеуметтік теңсіздік көрінбеуі тиіс. Орынсыз ысырапшылдықты доғаратын кез жетті. Кейбір адамдар қайтыс болған туысына аста–төк дастархан әзірлейді. Үстелде құстың сүтінен басқаның бәрі тұрады. Бата ете келген адамдар соның бәрін жемейді ғой. Шелпектен ауыз тиіп, бір кесе шай ішеді. Өздері сонны біледі. Бір кесе шай ішілгенен кейін дереу асты жеткізеді. Ол да желінбейді. Келгендер шетінен ғана ауызтиеді. Қазақстанның кейбір өңірлерінде той дастарханында отырғандай тойған шатамақтанады дегенді естідім. Бұл енді шариғатқа қайшы. Біріншіден, сырта өзге адамдар күтіп тұрады. Екіншіден, үстелде жүргендер кері әзірлеп үлгермейді. Үшіншіден, өздері қайғыға батып отырған отбасын қаржылай шығынға батырады. Өлім той емес қой. Тіпті: “Тойға барсаң тойып бар”,- демейме қазақ.
Тоқ етерін айтқанда өлімде, қадеде ысырапшылыққа салынбайық. Ешкім де: “Дастарханы жұпыны болды”,- деп сын айтпайды. Себебі, тамақ ішуге емес, марқомға дұға жасауға келеді. Осыны естен шығармайық.
Уахит МАСАЛОВ,
ауыл имамы