Әлеуметтік нысандардың газ тартуға дайындығы, ауылдардың ауыз сумен қамтылуы тексерілді

(0 Votes)

Өткен жексенбі күні қасына бір топ бөлім басшыларын ерткен аудан әкімі Қайрат Нұртаев Азғыр өңіріне бет бұрды. Үш күнге созылған сапарда қыр бойындағы газ тарту, ауыз сумен қамту, әлеуметтік нысандардың көгілдір отынды қабылдауға әзірлігі тиянақталды. Аралау барысында бірқатар кемшіліктер де анықталып, оларды жою жөнінде тиісті адамдарға тапсырмалар берілді.

Қошалақ. Азғырдың қақпасы іспеттес бұл шағын елді мекен күре жолдың бойында жатыр. Мұнда барлығы 8 үй, 30 адам, айналасындағы малмен отырғандарды қоса есептегенде 244 тұрғын бар. Жабылып қалған бастауыш мектептің бір жағына кітапхана, медпункт орналасқан. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев облыс басшысы Азғырға келгенде мұнда жолда қалған жолаушылар жылынатын орын ашуды тапсырғанын еске салып, қасына ілескен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиевтен осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, ғимаратқа газ қашан тартылатынын сұрады. Сондай-ақ кітапханашы, айтыскер ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Е.Жанизиннің шығарған кітаптарын қарап,шығармашылығына қызығушылық танытты.

– Суды құдықтан ішіп отырмыз. Жарықты дизельмен жағамыз. Алға қарай күн батареялары болса, теледидар, мұздатқыш сияқты тұрмыстық құралдарды, осындағы 7 телефон нүктесін қосар едік. Басқа айтарымыз жоқ, - деді Е.Жанизин. Медпункт тозып тұр, іші тар. Медбикенің айтуынша ішке тамшы ағып, сыртқы сылағы құлауда. Осыны естіген аудан басшысы: – Газ тарту кезінде бұл ғимарат қалып қоймасын. Мұнда бос бөлмелер көп. Медпунктті тағы екі бөлмеге өсіріңіз. Бұл ғимаратқа жеңіл жөндеу жүргізуге, газ тартуға қанша қаржы керек болса соны есептеп беріңіздер, - деді. Аудандық құрылыс және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Сәуменов күн батареялары малы, құдығы бар шаруа қожалықтарына ғана тегін тартылатынын түсіндірді.

Толығырақ «Серпер» газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT