«AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының бекітілген кестесіне сай бүгін 7 тамыз күні 2024 жылы мониторинг топ мүшелері «Орталық Стадион», "Жайлы Мектеп", Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік тұрғын үй құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді. Құрылыстардың өкілдері «ГрандСтройСервис» ЖШС , "Каспий Құрылыс LTD" және БЕК и КО жұмыстарының жүру барысымен таныстырды. Құрылыстар жақсы қарқынмен жүргізіліп жатырғаны анықталды. Құрылыс материалдарымен, техникамен толық қамтылған. Жұмысшылар мен мамандар жеткілікті.
" ГрандСтройСервис" ЖШС салып жатырған орталық стадионның құрылысы жайлап қалғаны байқалды, себебі щебень келуін күтуде. Апта аяғына дейін 1200 тонна келеді деп отыр участок басшысы Кульжигитов Суюндук. Содан кейн футбол және баскетбол алаңын бетондау жұмыстары басталып кетеді. Нысан жылдың соңына дейін бітуі тиіс, негізгі жұмыстар аяқталу үстінде деп сөзін қортындылады құрылыс басшысы.
Бекітілген нысандар бойынша Партиялық бақылау бекеттері құрылыс толық аяқталғанға дейін бақылауда ұстайды.