Әлеуметтік әлсіз топтың әлеуеті жақсарады

(0 Votes)

"Nur Otan" партиясынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер К.Меңдіғазиева, Г.Қалиева, Ж.Хасанова, Т.Жұмалиев канвассинг акциясы бойынша Жұмекен ауылындағы бір үйде мүмкіндігі шектеулі екі адам тұратын Мырзалиевтер отбасының үйіне барып, емен-жарқын әңгімелесті.

ІІ топ мүгедегі Сақыпжамал Мырзалиева үміткерлерге алдағы сайлауда сәттілік тілеп, аудандағы игілікті істер мен бастамалар туралы баяндап, қазіргі саяси науқанның маңыздылығы туралы өз ойын жеткізді. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлжанат Қалиева партияның алдағы бес жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. - Бүгінгі күні ауданымыздағы "Nur Otan" партиясының филиалы қалтқысыз жұмыс жасауда. Үміткерлер ауыл-аймақтарда тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдауда. Ал бүгін біз, облыстық және аудандық мәслихат депутатттығына үміткерлер партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасын түсіндіру мақсатында сіздерге келіп отырмыз. Бұл бағдарламада көрсетілген басым бағыттар аясында алдағы бес жылда өңірдің экономикасы дамып, өркендеп, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалатын болады. "Nur Otan" партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың біртұтастығына, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына жұмыс істеуді жалғастырады.

gulzhanat2

Партияның "Кедергісіз келешек" атты арнайы жобасында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру үшін ізгі қадамдар мен ірі бастамалар қарастырылған. Ол ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесуді көздейді. "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет алу, емдеу мекемелеріне қаралу, сауда орындарына,, дәріханаларға бару сияқты күнделікті қажеттілігін қолжетімді ету мақсатында ғимараттардың кіре берісін пандустармен жабдықтауды ерекше бақылауына алып отыр. "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары әрі қарай жалғасын табады. Бұл игі жобалар әлеуметтік әлсіз топтың әлеуетін жақсартуға уәде береді, - деді.

gulzhanat1

Өз кезегінде І топ мүгедегі Асылбек Мырзалиев Үкіметтен берілетін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік көмекті, жәрдемақыны уақтылы алып отырғанын алға тартты. Шаңырақтың кейуанасы Ұлмекен Қажығалиева Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміз бейбітшілік пен ынтымақтастықта күн кешіп жатқанын, Жұмекен ауылы да жыл санап көркейіп, тұрғындардың да әл-ауқаты жақсарғанын жеткізіп, ақ батасын берді.

А.Шакупова

"Nur Otan" партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT