Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік төлемдерді біріздендіру, жеңілдіктер жүйесін қайта қарау мәселесі нақты айтылды. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, аймақтардағы теңсіздікті азайтуға бағытталған маңызды қадам. Әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән берілгенін құптаймын. Президенттің осы бастамасы қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге және халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал ететініне сенемін.
Гауһария Төкестаева,
мәдениет саласының ардагері