Әлемге тараған ақиқат

(0 Votes)

2018 жылдың 8-і Тамызында Ресей құрамындағы Оңтүстік Осетия халқы Грузия басқыншылығынан құтқарылды. Әрине, алып Ресейдің қуатты қарулы күштерінің арқасында.

Аз қан төгілмеген осы жойқын соғыста көп ұлтты халықтардан тұратын Ресей армиясының құрамындағы он сегіз жасқа енді толып үлгерген талдай солқылдаған боздақтар Отан әмірін орындап ұлы ерліктер жасады, қыршын кеткендері қанша ма? Соғыстың аты, соғыс! Ешқандай рахымшылық күтуге келмейді.

Оңтүстік Осетияның азаттығы жолындағы шайқаста әлем жұртшылығының назарын аударған бір сәттік оқиғаның қаһарманы болған кім? Сол жылдары әлем кинотеатрларында Зака Снайдердің «ЗОО» деп аталатын картинасы үлкен қызығушылықпен жүріп жатты. Көрермен оның қаһарманын әлгі бір ерліктің иесі – жүрек жұтқан ұлдан іздеді.

Мәселенің тоқ етеріне көшсек: 58 армия құрамындағы орыс жауынгері, Оңтүстік Осетияға көмекке келгендердің бірі, бейбітшіліктің тұнығын лайлаушы басқыншыға қасқая қарсы тұрады. Саакашвилидің армиясы талқандалғаннан кейін, шегіністегі құрамалары қайта бас біріктіріп Гори қаласына кері оралу мақсатын ұстанады. Бірақ, жолай орыс армиясының блокбекеттеріне кезігеді. Грузиндердің бүтіндей автомотоколоннасы тас жолмен жылжу сәтінде. Бір кезде олардың алдарында өздерін пулеметімен сығырая көздеген орыс жауынгері тұрады. Колонна лажсыз тоқтап, офицердің бірі: -жолды босат, алға жүруіміз керек, дейді. Естіген жауабы: «Идите на...» Грузин автомотоколоннасы құрамында оқиғаға әділ баға беруші шетелдік БАҚ өкілдері бар екен, пулеметімен өздерін нысанға алып тұрған орыс жауынгерін олар да сөзге тартып, жолды босатсаң қайтеді дегенді айтады. Әлгіндей жауап оларға да беріліп, «енді болмаса жандарыңды жаһаннамға жіберемін», дейді жауынгер сол сығырая көздеулі күйінде. Бір сағаттай уақытқа жалғасады сол текетеріс. «Қой, мына жүрек жұтқанның бетін қайтару мүмкін болмас» деп ойлаған сірә, Грузин офицерлері. Колонна басын кері бұрып, келген жағына қарай қайта шерулетеді, амалсыз. Шетелдік БАҚ өкілдері бұл сәтті айна қатесіз көшіріп, интернет арқылы күллі әлемге таратып жібереді. «Орыс армиясына 300 жауынгер емес, біреуі ақ жетеді» деген материалға сүйсінбеген жан жоқ. Миллиондаған блогерлер қаптап, «әр ұлан өз Отанын осындай табандылықпен қорғаса ғой» деген азаматтық азат үнге елікпеген кемде кем. Бұл жауынгер кім болды екен сұрағы зерделі саналарды жиі елеңдетті. БАҚ-ның соңғы жарияланымдары «бұл қазірде өмірде жоқ, бурят Бато Дашидоржиев» деп жатты. Ресейдің өзінің мерзімдік басылымдары да солай деп сендірді. «Үш жүз емес, бір ақ орыс жауынгері жеткілікті» деген мақтаныш әлем үстінде қырандай қалқыды. Тақырыптық форумдар мен интернет желісі Бато Дашидоржиев арнаулы бөлімде қызмет еткен, сондықтан өзін құпия көрсетпей ұстауда деген сәуегейлік айтты. Моңғолия азаматы Чулунжав Аянга Ресей Президенті Путиннің атына буряттық жауынгер Батоны қайтыс болуына орай «Ресей Батыры» жоғары атағымен наградтауды өтініп хат жазды.

Құрметті Владимир Владимирович, әскери қызметін өтеу барысындағы қатардағы Бато Дашидоржиевтың ерлік ісіне назар аударуыңызды үлкен өтінішпен сұраймын. Ол жалғыз өзі ақ грузин мотопехота колоннасының одан әрі шиеленісті жалғастыруына ешқандай жол бермеді. Осы бір жанқиярлық ерлігімен жап – жас жауынгер сан жүздеген бейбіт тұрғындар мен екі жақтан бірдей шығынға ұшырағалы тұрған сарбаздардың өмірін сақтап қалды. Өз кезінде бұл факт әлемдік БАҚ-ы бетін шарлап, қарапайым жауынгеріңіздің өз Отанын қалай қорғай алатындығына анық та айқын дәлел болды. Орыстар жөніндегі қанатты фразаға айналған: «ЗОО-інің қажеті жоқ, жалғыз жауынгерінің өзі жетеді» сөзін мақтанышпен айтып, еліме, өзге де елдерге таратқанның бірі мен едім. Егер, әрбір саналы, биік рухты жауынгер бейбітшілікті қорғау жолында сіздің осы жауынгердей табандылықпен тапжылмай тұра алса, әлем үстіндегі қауіп –қатер біршама сейілген болар еді.

Оның ерлігі сөз жоқ «Ресей Батыры» жоғарғы атағына әбден лайық. Ол жазықсыз Осетия халқын қорғауда қаза болған Ресейдің қаһарман ұлы, шынайы перзенті. Қаза табуына байланысты Батыр атағын береді деп өзіңізге үлкен сенім артып отырмын. Рахмет және алдағы қызметіңізге жоғары табыстар тілеймін. Шындық сіздің жағыңызда. Өзіңізді құрметтеуші ағайын Моңғол елінің азаматы Чулунжав Аянга.

Міне, осыдан кейін ақ Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Алдар Дамдиновтың бастамасымен Бурятия елінде әлі белгісіз батыр жауынгерді іздестіру басталып кетті. Сол жауынгер түсірілген роликті көрушілер саны миллондап көбейе түсті. Тіпті әскери коллекционерлер дүкендеріне пулеметімен жауын көздеп тұрған сол сарбаздың қола мүсіні жасалып қойылды. Оған Ресей Батырының Алтын жұлдызы лайық екенін айтқан үндеулердің ұзын шұбағы қалталы телефонға сыймай кетті десе де болады.

«Бұл жауынгер сонда не ойлады? Сол бір арпалысты сәтте қандай күйде болды? Бойын үрей билемеді дейсің бе? Оның да ұзақ та бақытты өмірдің иесі ретінде ұрпағын өсіріп, немерелерін иіскегісі келмеуі мөмкін емес?»

Міне, шетелдік сан жүздеген блогерлерді ынтықтырған мәселе осы. «Бұл роликті алғаш көргенімде жүрегім атқақтай соқты», - деп әңгімелейді Дамдинов. – Онда бұл буряттың біздің отандасымыз екені айтылады. Оны іздестіру жолында бүтіндей қозғалыс пайда болды, барлық сұрауларымызға келетін жауап:– бізде ондай адам жоқ. Өкінішке орай Бурятия еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Ревомир Гармаев бұл күнге жетпей кетті. Жас батырдың кім екенін анықтау жолында көп – көп еңбек сіңірді. Егер маған өзіме таныс Тасболат әлеуметтік желі арқылы шықпағанда, біз шынымен де тұйыққа тірелетін едік. Міне қызықты қараңыз, шындығында «Бато тірі екен». Он бір жыл өткенде кадрда басқа – қазақстанның тумасы, Астрахандық Тасболат Ибрашев. Оның әңгімесі сол бір соғыс өрті тұтанған күндерде нағыз отты нүктеде болғанын айғақтайды және басынан адам айтса нанғысыз жайларды кешкенін ұғындырып, тыңдаушысын таң –тамаша қалдырды»,-деді депутат Дамдинов. –Әрине, әңгіме бір басқа, да оны құжат жүзінде бекіту бір басқа ғой, әскери билетіне қарасаң дәл солай екендігіне көзің анық жетеді. 08.08.2018 жыл – 28.08.2018 жыл аралығында 23132 әскери бөлімнің құрамында Грузия мен Оңтүстік Осетия жеріндегі қақтығыстарға қатысқан.

Одан әрі Тасболат Ибрашевтың қандай өмір соқпағынан өткенін Дамдинов оның Facebookтегі парақшасы арқылы анықтап, нағыз құбылысқа кезіккендей болады.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521