Президенттің Нью-Йорктегі кездесулері – біздің ел үшін үлкен мүмкіндік. Әсіресе, Amazon, Meta, PepsiCo секілді компаниялармен тікелей келіссөздер жүргізілуі — жастар үшін жаңа жұмыс орындары, стартап жобалар мен инновациялық бастамаларға жол ашпақ.
Біз, студент жастар, болашақта цифрлық трансформация мен жасанды интеллект бағытында дамуға ниеттіміз. Президенттің Meta және Amazon өкілдерімен кездесуі — бізге әлемдік трендтер мен тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, инвестициялық келісімдердің жоғары сомада болуы — жаңа инфрақұрылымдарды дамытуға, шалғай өңірлерге сапалы интернет пен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, бұл біздің білім алуымыз бен дамуымыз үшін маңызды.
Мөлдір Қайырғалиева,
Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің түлегі