Әлемді мойындатқан модель – Мәриям

(0 Votes)

«Әлем моделі – 2021», «Әлем моделі – 2022» титулын жеңіп алған он жастағы Мариям Ишанғалиева халықаралық бірнеше сұлулық байқауларының жеңімпазы.

Құрманғазы аудан ының Көптоғай ауылында тұратын ол осы ауылдағы Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбында оқып жатыр. Оқуда озат оқушының сүйікті пәні математика екен...

Он жастағы Мариям Ишанғалиева сұлулық әлемінде мектепті аяқтағанға дейін ғана өнер көрсетеді. Кейін Оңтүстік Корея елінде медициналық бағытта білім алмақ. Кішкентай Мариямның басты мақсаты – білікті хирург болу.

Подиумға заманауи стильдегі ұлттық киіммен және қазақтың күйлерімен шығып жүрген Мариям қазіргі уақытта әлемге қазақтың өнерін дәріптеп жүр.

Бір қызығы, Ресейді былай қойғанда, Малайзия, Дубай, Миланнан сән апталықтарына шақырту алып жүрген Мариям подиумға шығатын киімдерінің эскиздерін өзі сызып, өзі жобалайтын болып шықты. Ал киімдерін көршілес Жасталап ауылында тұратын ісмер әпкесі Ботагөз тігеді. Тіпті Мариям модельдік өнер бойынша кореялық шеберлерден білім алған.

Осылайша, Мариям әлемге модель ретінде ғана емес, дизайнер ретінде де таныла бастаған.

Ал, таяуда Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Russian beauty – 2023» сән байқауында әлемнің әр түкпірінен жиылған 175 қатысушы сұлулық пен әдемілікті паш етті. Тоғыз жастағы Мәриям да осы шараға қатысып, бас жүлдені иеленді.

Тағы бір халықаралық додада 10-14 жас аралығындағы 55 қатысушының арасынан Мариямның ерекше образын, өзін-өзі подиумда ұстауын бағалаған әлемдік деңгейдегі сән саласының мамандары қаршадай қызды бас жүлдеге лайық деп таныпты. Ұлттық киім, спорттық стиль және кешкі көйлек кию сайыстарында Мариям жоғары ұпайға ие болған.

«Осы уақытқа дейінгі жарыстарда киген қазақы үлгідегі киімдерін де алып келудің міндетті екенін атады» дейді анасы Арайлым бізбен әңгімесінде.

Айта кетейік, бұл образдар – Мариямның өз таңдауы. Ал, көрші ауылда тұратын Ботагөз есімді тігінші ол сызып берген жоба бойынша тігеді екен. Алыс ауылда тұратын ару – төртінші сыныпта үздік оқитын үлгілі оқушы. Кішкентай кезінен осы салаға құмартып, интернет арқылы сән саласына қатысты дәрістерді игеруде.

«Бәрін өзі жасайды. Кішкентай күнінен сұлулыққа жаны құмар болып өсті. Екі жасқа толар-толмас шақта-ақ, «Мен ханшайыммын» деп айна алдында тұрғанын көретінбіз. Кейін бұл қызығушылығы артып, өзі осы салада іздене бастады. Уақыт өте келе, интернет арқылы корейлік сән агенттігі иесінің дәрістерін қарап, теледидардан «Сән сабағын» оқыды. Қызығы сол, жарыстарға барған кезде «Өз-өзін ұстауы, фотоға бейімділігі тамаша!» деп таңдай қағады» дейді анасы Арайлым Серікқызы. «Осы жарысқа қолдау білдіріп, демеушілік жасаған ауыл әкімі, мектеп басшысы, апайы, образының ерекше болуына барын салған тігінші Ботагөз апаға, тілеуін тілеген ата-әжесі, барша ағайын-туғанға аналық алғысымды айтамын!» дейді анасы.

Әділет АМАНГЕЛДІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика