«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

(0 Votes)

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абайдың қара сөздерінен үзінді оқу және әндерін орындау шеберлерінің аудан көлемінде байқауы ұйымдастырылды.

Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын байқау арқылы насихаттау. Үміткерлердің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен қара сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін және әнін айту қабілетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу даналарымыздың даралығын бағалау мақсатында 15-30 жас аралығындағы ұйымдастырылған байқауда қара сөз оқудан және әндерін орындаудан 7 үміткер қатынасты.

Орлы, Байда, округтері 2-3 орынды иемденсе, әнін жанды дауыста орындаудан Сафон а/о Айкүміс Бекқабылқызы 1 орын иемденді, 2 орында Байда а/о Асылай Дәрменбаева, 3 орынды Еңбекші а/о Бақытжан Сариев иемденді.

Қалампыр Мураткалиева,

Сафон ауылдық мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT