Құлау қаупіндегі ғимарат көп

(0 Votes)

Теңіз ауылдық округінде болғанында аудан әкімі М.Мурзиев алдымен «Айсамал» бөбекжай балабақшасына бас сұқты.

Аталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы А.Түнғатарова ғимараттың 1978 жылы салынғанын, соңғы күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілгенін назарға беріп, қазіргі уақытта 40 бала тәрбиелену үстінде, кезекте 80 бала тұрғанын қаперге беріп өтті. Бөбекжай балабақшасы типтік стандартқа сәйкес келмейтіндіктен жаңа ғимаратқа көшуді қажет ететіндігін жеткізді. Сөзге араласқан округ әкімі А.Баймұқанов бұл мәселе көптен бері көтеріліп келе жатқанын, шешу жолдары ретінде ескі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді бұрыннан да ұсыныс еткенін айтып, бос тұрған ғимараттың қазіргі жай-күйін көрсетті. Бұл ретте мәлім болғанындай, 2021-2025 жылдарға арналған ауданның аумақтық  даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылы «Айсамал» бөбекжай балабақшасының балансындағы ескі мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге жобалау–сметалық құжаттама жасақтау үшін 16,1 млн теңге, 2024 жылы 404,2 млн теңге күрделі жөндеу жүргізу үшін қарастыру жоспарланып отыр. Нысанды аралап көрген аудан әкімі орынбасарлары мен тиісті сала мамандарына бұл бағытта жұмыстануды тапсырды.

teiz-auyly1

Приморье ауылдық клубын, оның бір бөлмесіндегі кітапхананың да апаттық жағдайда жұмыс істеп тұрса да мәдени-көпшілік шаралардың өз деңгейінде өткізіліп отыратындығына, кітапханада 295 оқырманның барына қанық болды. Ауыл басшысы типтік ауылдық клубтың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуі үстінде екенінен хабардар етіп, бұл олқылықтардың жаңа клуб үйі берілгенде толықтай шешілетінін мәлімдеді. Жалпы ауылда мұндай ескі ғимаратта жұмыс істеп тұрған мекемелер көп, ауылдық округтің үйі де, ондағы пошта бөлімшесі, учаскелік полицияның бөлмесі де құлау қаупінде тұр. Шешілу жолы ретінде болашақта балабақша жаңа ғимаратқа көшкенде оның қазіргі отырған ғимаратын пайдалану аталды.

teiz-auyly2

Ауылға ерекше көрік беріп тұрған Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектептің іші-сыртын, көріктендірілуін, көгалдандырылуын, ондағы кең спортзалды, СТЭМ, робототехника кабинеттерін, балалардың ойлап шығарған технологиялық туындыларын аудан әкімі А.Мурзиев ерекше атап өтті. Әсіресе, өнерлі балалардың қолдан құрастырған шығармашылық үйінің, «Тұңғиық» демалыс орнының макеті қызықтырды.

teiz-3

Келесі кезектерде «Каспий-Балық» ӨК-нің №1 өндірістік балық өңдеу цехындағы, «Сатхан» шаруа қожалығының балық өңдеу цехын  жалған құрылымдағы, сондай-ақ «Қиғаш» туристік демалыс орнында жүріп жатқан жұмыс барысымен танысып, жағдайды көзбен көрді.

teiz4

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521