Астана қаласында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен "Ұланымыз ұлы елдің" атты республикалық форум өткізілді.
Форумға Атырау облысы бойынша Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінен ұланбасы ретінде маған да бұйырып, қатысып келген болатынмын. Атырау облысы бойынша тағы бір ұланбасы Индер ауданынан шыққан Марат Ажар деген оқушы екеуіміз делегат болып қатыстық Бұл форумның бірінші күнінде "Birgemiz: bili" жалпыұлттық жоба қорытындысы бойынша 2023 жылдың нәтижелері таныстырылып, "Ted Talk" форматында шағын грант иегерлерінің жоба таныстырылымы өткен. Сондай-ақ, қатысушылар арасында "Бәсеке" үстел ойыны бойынша чемпионат өткізілдi. Ал, екінші күні әр өңірдің атқарушы хатшыларының қатысуымен пікірталас және тұлғалық даму бағыты бойынша тренинг ұйымдастырылды.
Мен ауданымыздың атынан "Жас Ұлан" ұйымының екі күндік форумына қатысқаныма өте қуаныштымын. Көптеген құнды ақпараттар алдық. Астананың төрінде жан жақтан келген өзім сияқты оқушылармен таныстым, жаңа достар таптым. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, тіпті пойыздан түскен бойда әдемі лозунгтармен қарсы алды. Уақыт бөліп EXPO-2017 көрмесін, тағы басқа көрнекті жерлерді аралатты. Тренинг өткізіліп, тапсырмаларды орындау барысында үздік танылғаным үшін Алғыс хат иелендім.
Форумға қатысқандығым туралы сертификат берілді. Осы ұйымның мүшесі болғанымды мақтан тұтамын. Мұндай керемет мүмкіндікті туғызғаны үшін "Оқушылар үйінің" директоры Шекетасова Мейрамгүл Мухтарқызы апайыма алғыс білдіремін. Және өзім білім алып отырған алтын ұям мектебім Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры Хасанова Жамал Әдебиетқызына алғысымды білдіргім келеді.
Ахмет Маншук
11Б сынып