Лайықсыз ана, қараусыз бала

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын оның төрағасы Жандос Бектеміров ашып жүргізді.

Алдымен күн тәртібі таныстырылғаннан кейін «Қоғамды қауіпсіздікті бұзған жасөспірімдерді анықтау және оның шығу салдарын талдау және оларды түзеу бағытындағы жұмыстардың жаңаша түрлері, құқықбұзушылық мониторингісі» туралы аудандық білім бөлімінің, басшысы Г.Құбаева, аудандық полиция бөлімі, кәмелетке толмағандар ісі бойынша аға инспектор, полиция подполковнигі Ж.Бектеміровтің хабарламалары тыңдалды. Комиссия төрағасы Ж.Бектеміров хабарламашыларға аудан бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтерде анықталған кәмелетке толмағандарды үнемі бақылауда ұстап, зерделеу жұмыстарын жүргізуді, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырды.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар» жөнінде аудандық полиция бөлімі, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор, полиция капитаны С.Қапизов баяндады. «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардың құқықтарын қорғау, балаларға қол жұмсау фактілерін болдырмау, келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар» туралы «Нұршуақ», «Балбөбек», «Өркен» балабақшалары меңгерушілерінің хабарламалары да қаперге алынды. КӨКЕЙКЕСТІ ЖЕМҚОРЛЫҚ - ЖЕГІҚҰРТ ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСІН! Лайықсыз ана, қараусыз бала Мазаны алған мал ұрлығы Төртінші мәселе – аудандық ішкі істер бөлімінің комиссияға 2021 жылғы 26 қаңтардағы жолдаған хатын талқылау бойынша аудандық полиция бөлімі, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор, полиция капитаны Ә.Пәуеденова хабарлады. –А.С. – жалғызбасты ана, асырауында 2 кәмелетке толмаған ұлы бар. Қазіргі уақытта жұмыссыз. Азаматтық некедегі жолдасы қайтыс болған. Осыған дейін олар Атырау қаласында тұрып келді. А.С. ауылға көшкісі келеді. Балалары М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте білім алуда. Алайда, ол ұлдарын қайын атасының үйіне қалдырып, өзі қалаға бірнеше рет кетіп қалған. Атырау қаласында тұрған мезгілде бала тәрбиесімен тиісті дәрежеде айналыспағаны үшін А.С. әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Лайықсыз ана өзінің ұрпағы алдындағы міндетін орындауға әлі де асығар емес. Комиссияға қатыстырылған мұғалімдер де А-ның балаларына салғырт қарайтынын алға тартты. Қазіргі уақытта ол қайын атасының үйінде уақытша тұрып жатыр. Баспананың екі бөлмесіне жылу тартылмаған. Балғындарға ешқандай жағдай жасалмаған, дені дұрыс ішер астары да жоқ, оның үстіне суық тигізіп ауырып қалулары әбден мүмкін. Мәселені қорытындылаған комиссия төрағасы Ж.Бектеміров мүшелерімен ақылдаса келе, А-ны аналық құқынан шектеу туралы шешім алды. Бұл шешім сотқа жолданғанша балаларды дереу облыстық кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына орналастыру қажеттігін жеткізді.

А.КҮНҰЗАҚҚЫЗЫ

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521