Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.
Жазғы демалыс мектеп оқушылары үшін жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Жазғы мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу - шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті Ломоносов, Абай атындағы атындығы жалпы орта мектептерінің жазғы, күндізгі тынығу лагерінде дәріс алып жүрген оқушыларына туристік техниканының әдістерін көрсетіп, үйретті.
Атап айтсақ олар: өзін-өзі бағыттап аспалы өткеліден өту, кедергіден өту және қауіпсіздік ережелерін есте сақтай отырып, тапсырмаларды дұрыс орындауын бақылады. Осы туристік әдістерін меңгерген оқушылар алға қарай да қызығушылықтары артып, спорттық туризмге деген құлшыныстары биік болатынына сенімдіміз.