5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Ұстаздық жол – ізгілік пен адалдық» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Күміс көмей әнші Гүлзада Кенжешованың орындауында «Ұстазым» әні тыңдалғаннан кейін, ұрпақтар сабақтастығының ізін бастаушылар Д.Нұрпейісова, Имашев, Ақкөл,Еңбекші орта мектептерінің жас мұғалімдері мен білім саласының ардагерлері Ақтілек Хамитова, Нариманбек Шолтыров қошеметпен сахна төріне шақырылды. Еңбекші орта мектебінің жас ұстазы Айгерім Ахметқалиева ізгі тілегін арнап, ардагер ұстаз Нариманбек Шолтырұлы ақ батасын берді.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысушыларды төл мерекелерімен құттықтап, қоғам өмірінде ұстаздың орны мен рөлі зор екеніне тоқталып, Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасын ардагер ұстаз, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасын Еламан Ертаевқа табыстады. Ұстаздар Гүлжүзім Тілепова (Еңбекші), Мария Қиюазова (Бегалиев), Армангүл Хилауова (Манаев), Ақмарал Шамарданова (Имашев), Шынар Ержанова (Гагарин), Зульфия Нұрышева (М.Әуезов), Жания Халикова (Имашев), Зәуреш Жетпісбаева (Лабай) «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының директоры Нұрболат Өтегенов ҚР Оқу ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, дипломымен марапатталды. Аталған министрліктің Құрмет грамотасымен Ренат Қоданов, Илияс Исағалиев, Әділбек Изимов, Ризабек Сапаров, Түнғатар Харесов, Ұлан Иманғалиев, Амантай Масалимов, Мирас Ниғыметов, Берік Әнесов, Мирас Муфтахов, Нұрсұлтан Жұмабаев, Бекзатқали Сақтапбергенов, Ерік Абулхасимов, Майра Жәрдемова, Нұркен Қаленов, Жандос Ишанов, аудан әкімінің Алғыс хатымен Жанар Абдуллина, Дина Маткалыкова, Марина Дүйсенова, Гаухар Гайсина, Индира Меңдіғалиева, Арзи Ибрагимова, Әсел Зинуллина, Гүлдархан Амирханова, Гүлдана Хайруллина, Есенболат Қамиев ұлығыланды.
Келесі кезекте аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева жүрекжарды ізгі тілегін ақтарып, ұстаздық еңбек жолын бастағанда қолдаған ардагер ұстаздар М.Бисенғалиев, Б.Хасеноваға ризашылығын білдірді.
Аудандық мәслихаттың Алғыс хатын Амина Хамидуллина, Алтынай Байдаева, Берік Сұлтанмұратов, Саулем Байғазиева, Қарлығаш Насипова, Наурызбай Өтеулиев, Әсел Дүйсембиева, Серік Боранғалиевке табыс етті. Марапаттау рәсімін аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров жалғастырып, Атырау облыстық ардагер ұстаздар кеңесінің Алғыс хатымен, облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, облыстық кәсіподақтар кеңесінің Құрмет грамотасымен, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен бір топ ұстаздарды, өр суынан қорғану жұмыстарына белсене қатысқан білім саласы қызметкерлерін, балабақшалар тәрбиешілерін, барлығы қырықтың үстінде адамды марапаттап, мерейлерін асырды.
Қанат ҒҰМАРОВ