"Ұлағат" кітап клубының ашылу шарасы

(0 Votes)

Аудандық Аналар кеңесі "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" республикалық жобасы аясында "Ұлағатқа бастар ұлы жол" тақырыбында Аналар мен балалардың "Ұлағат" кітап клубының ашылуын аудандық орталықтандырылған кітапханада 2023 жылдың 17 ақпан күні өткізді.

Шараға кеңес мүшелері, Аналар, мәдени- ағарту қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Кеңес төрайымы Балғаным Хасенқызы шараны ашып, мақсат, міндеттерімен, клуб мүшелері, шақырылған қонақтармен таныстырды. Клуб жетекшісі Амирова Майра Ниетқалиқызы ледь экранды пайдаланып "Ұлағат" кітап клубының Ережесі, жоспарын талқылауға ұсынды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Клуб мүшелері ауылдың 5 мөлтек ауданы бойынша топтарға бөлініп, топ жетекшілері белгіленді. Олардың міндеттері мен қызметі түсіндірілді. "Үздік оқырман -2022" атақтарының иегерлері Қашуова Анар , Шамбузова Хиуазбен клуб мүшелерінің сыр- сұхбат негізінде кездесуі өткізілді Ардагер ұстаз Жұлдыз Садырқызы Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Кітапханаға кітап сыйлау" акциясы аясында жолдасы ауданның Құрметті азаматы Мырзағалиев Ғалымжанның оқыған, отбасылық кітаптарынан Аудандық кітапханаға кітап сыйлады. Келесі бөлімде. Ақжамал Нысанова жазушы Заря Жұманованың "Ақбота" кітабына "Буктрейлер" әдісі бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары негізінде кітаптағы әңгімелер мазмұнын ашып ,талдап , түйіндеу жолын көрсетті. Кітапханашы Құлбаева Гүлфара Жасқайырқызы "Бір ел- бір кітап", "100 кітап" акциясы жұмыстары бойынша шолу жасады. Семинарға қатынасушылар шараның өтуі, клубты ұйымдастыру, жоспарлары туралы пікірлерін айтып, алда оқитын кітаптарын таңдады. Кітап клубы топтар бойынша бір ай мерзімге оқуға төмендегі шығармаларды таңдады. Талаптан Ахметжан "О дүниенің қонағы", Әзілхан Нұршайқов "Махаббат қызық мол жылдар", Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя", Сайын Мұратбеков "Жусан исі". Бұл кітаптарды аудандық кітапханадан алып оқитын болды. Балғаным Хасенқызы семинарды қорытындылады. Ұсыныстар қабылданды. Ауданның 95 жылдық мерекесі қарсаңында мәдени-ағарту саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген Хамзина Гүлденді және "Ұлағат" клубын ұйымдастыруға, ашылу шарасының өтуіне көмектескен арнайы қонақтар: А. Мусина , Л.Рақметова, Ж.Садирова, А.Қашуова, Х.Шамбузова, А.Нысановалар Алғыс хатпен марапатталды. Оқыған кітапты талдау үлгісін ұсынған Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларына сыйлыққа түрлі кітаптар ұсынылды. Кітап клубы жұмысына Аналар сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT