Ұлағатты ұстаз - Латифа

(1 Vote)

Адамның бойындағы ізгі қасиеттер еңбек жолында әріптестерімен араласып, бойда бар қабілетті жұмсау үстінде көрінеді.

Озық ойлы, білікті кәсіби мамандар заманның, қоғамның дамып – өркендеуіне өз үлесін қосады. Осындай жанның бірі білімін еңбек жолында пайдалана білген ұстаз, ізденгіш кітапханашы, ауданның білім саласының дамуы мен саяси – қоғамдық өмірінің өркендеуіне үлесін қосқан білікті маман, басшысы, іскер ұйымдастырушы - Сисенова Латифа Үмбетәліқызы болатын. Латифа апаның жастық өмірі соғыс және соғыстан кейінгі қиын жылдарда өтеді. Ол алғаш жас ұстаз болып еңбек жолын 1941 жылы бастаған болатын, бұл сұм соғыстың басталуымен сәйкес келді.

Латифа Үмбетәліқызы соғыс салған қиындықтарды еңсере жүріп жоғары білім алады. Ауданның бірнеше мектептерінде 1964 жылға дейін мұғалім, 1964-1967 жылдары кітапханашы болып жемісті еңбек етеді. 1967 жылдан бастап 1979 жылдың соңына зинеткерлікке шыққанға дейін ауданның бірнеше селолық кеңестерінің төрағасы, совхоздардың партия ұйымының хатшысы болған. Жылағанды жұбатып, қиналғанға көмек беруді ұйымдастыратын. Латифа Үмбетәліқызы жұмыс жасаған жерлерінде халықтың соның ішінде шалғай ауылдарда тұратын малшылар мен егінде жұмыс жасайтындардың әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, саяси –білімдік жағдайының жақсаруына , ауыл ішінің тазалығы мен көркеюіне ерекше көңіл бөлетін. Ол өзімен бірге басқа мамандардыңда үнемі білімін жетілдіруін қадағалайтын, апайдың дайындап, өткізген жиналыстары мен саяси сабақтары практикалық- теориялық сауатты өтетін. Латифа Үмбетәліқызы республикалық кітапханашылар сьезіне, бірнеше рет облыстық, аудандық партия конференцияларына қатысқан. 1980 жылы « Жалынды коммунист» тақырыбымен Қазақстан әйелдері журналына Латифа Үмбетәліқызының еңбек жолы туралы мақала жарияланды, бұл апайдың іс – тәжірибесінің республика көлемінде тарағанын көрсетеді. Сисенова Латифа еңбегі еленіп бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарына ие болды. Бұл Латифа апайдың шыққан шыңының біз естіген жақтары. Міне тыл еңбеккері, совет, партия қызметкері болған ана - Латифа Үмбетәліқызы осындай жан еді.

Құрманғазы аудандық аналар кеңесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521