Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

(0 Votes)

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына орай «Даналық» мектебінің жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылықтар арқылы қыз бала тәрбиелеудің маңызы» тақырыбында тәрбие шарасы болып өтті.

Оған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы, Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гауһария Төкестаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Ахметова, мектеп жанынан құрылған «Ақ жаулығым – қазынам» әжелер ансамблі, алтын, күміс алқа иегерлері, оқушы қыздар қатысты. Шараның мақсаты – қыз балаларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарымыздың маңызын ұғындыру,  ана-әжелеріміздің үлгі-өнегесі, өсиеті арқылы тәрбиелеу. Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.

«Қыз, әйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені олар – өмірдің ұрпақ өрбітетін бастау-бұлағы. Ұлттың бар болмысын – тілі мен дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін – ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бойына дарытатын әйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды дәстүрге сүйеніп, уақыт талабына сай тәрбиелеу – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Қазақ халқы «қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жинақылықтың үлгісі деп танығандықтан, «қыздың жиған жүгіндей», «мінезі қыздай», «қыз қылықты» деп жақсы нәрсені қызбен байланыстырған.

Шарада мектеп директоры Гауһар Құбашева сөз сөйлеп, оның мәні мен мақсатына тоқталды. Қатысушы әжелер мен аналардың ой-пікірлері бір жерден үйлесім тапты. Ұлттық киімдерден жүргізілген дефила, зергерлік бұйымдар көрмесі, шаш өру челленджі, жас анаға кимешек кигізу рәсімі көрермендер көңілінен шықты. Сонымен қатар ісмер аналардың қолөнер туындылары көрсетілді. Қонақтар Балғаным Хасенова, Гауһария Кінәмақызы, Нұргүл Мәмбетқызы шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT