Кудряшовтықтар "қой көтеруден" сайысты

(0 Votes)

Наурыз – жаңарған қазақ елінің кешегісі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын ерекше мереке. 

Әз халқымыз бұл мерекені қашанда көтеріңкі көңілмен, кең пейілмен ерекше қарсы алады. Ынтымағы жарасқан Кудряшов ауылының жұртшылығы да жыл басы – Наурыз мейрамына мол табысы пен шабытты көңіл-күйде жетіп отыр. Кудряшов ауылдық округінде Ұлыстың Ұлы күнінде мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.

Орталық демалыс алаңында киіз үй тігіліп, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ұжымы сары бауырсақтарын ұсынса, "Асылай" бөбекжай балабақшасының қызметкерлері көпшілікке Наурыз көжелерін таратты.

"Кір тасын көтеру", "арқан тартыс", "қой көтеру" т.с.с. сайыста орын алған жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар табыс етілді. Жергілікті жеке кәсіпкерлер жәрмеңке ұйымдастырды.

Ауылымыздың жас кәсіпкері Жәнібек Жеткеншекұлы Куаналиев округ әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521