Кудряшовтықтар ауыз сумен қамтылады

(0 Votes)

Кудряшов ауылдық округінде 2,8 шақырым кірме жол асфальттанып, ауылішілік жолдың 4,1 шақырымына да асфальт төселген.

kudryashov

Округ әкімі С.Ертілеуовтың айтуынша қалған бөлігінің де жобасы жасалған. Елді мекенге 40 дана түнгі шамдары орнатылып, іске қосылған. Бұл жұмысты сапалы, жоспарға сай атқарған «Сұңқар» ЖШС-не тұрғындар дән ризашылығын білдіруде. Енді Арна ауылына 40 дана жарық тарту жоспарланып отыр екен.

kudryashov1

Елді мекеннің жазылмай келе жатқан бас ауруы ол – ауыз сумен қамту. Округке қарасты Арна, Жаңа ауыл елді мекендерінде бұл мәселе «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы шешілген. Орталыққа енді тартылғалы жатыр. Әуелде сол бағдарлама арқылы жұмыс жасағанда округ орталығы неге қалып қойғаны түсініксіз. Интернет мәселесі көңіл көншітерліктей емес. Оптикалық-талшықты байланыстың жылдамдық қарқыны 8 гегабайттан аспайды. Ауыл ортасында жылдамдық жақсы да, мектептен әрі асса болды, қарқыны баяулайды. Ауылдағы Ғабит Мүсірепов атын алған мектепте 402 бала оқыса, оның бастауыш сыныптан басқасы онлайн оқуда. Мектепке бас сұққан Қайрат Талапұлы кезекші сыныптардың санитарлық жағдайымен танысып, проблемалық мәселелеріне ден қойды. Көптен айтылып келе жатқан ата-аналардың шағымына орай спорт зал терезелері әлі күнге дейін неге ауыстырылмауының себебін сұрады. Жергілікті жерде шешілетін кейбір мәселелердің созбалаңға салып жүретініне ренішін білдірді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521