Кудряшов ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

(0 Votes)

Хайруллина Эльмира Батырбекқызы Кудряшов ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Хайруллина Эльмира Батырбековна - 1981 жылы 25 қаңтарда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылында дүниеге келген.

1987-1998 жылдары Кудряшов атындағы орта мектебінде оқыған. Ұлты- қазақ, білімі-жоғары. Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылының тұрғыны.

2002 жылы Х.Досмухамедов атындағы мемлекеттік Университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2002 жылдың тамыз айынан бастап Атырау облыстық қаржы басқармасының “құқық қорғау органдырымен мемлекеттік аппаратты қаржыландыру” бөлімінде жетекші маман лауазымында қызмет атқарудан бастаған.

2003 жылдың 23 қыркүйекінен бастап күні бүгінге дейін Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымдық қызметін атқаруда.

2006 жылдан бері «Amanat» партиясының мүшесі. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT