Кубок сарапқа салынған ойын

(0 Votes)

«Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі директорының кубогі – 2024» аясында аудандық мектептердің оқушылары мен колледж студенттері арасында «Бейбіт елдің жастары» атты волейбол сайысы өтті.

Мақсаты – ауған соғысы ардагерлеріне деген құрметті қалыптастырып, олардың әрекеттерін болашақ ұрпақтың жадында сақтай отырып, отансүйгіштік, батылдық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, адалдық пен толеранттылыққа тәрбиелеу. Бұқаралық дене шынықтыру және спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар мен колледж студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту, өркениетті елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді ұрпақ қалыптастыру.

Сайысқа Әуезов, Бегәлиев, Еңбекші, Манаев атындағы орта мектептер мен Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз берілген Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Болатбек Өтегенов құттықтауын жеткізіп, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Серік Мұфтахов колледжде өткізілген «Алау» онкүндігінің барысына қысқаша тоқталып, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің бас маманы Мұрадым Кайсаев осындай жарыстардың салауатты өмір салтын қалыптастырудғы маңызы жайлы айтып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

«Бейбіт елдің жастары» атты волейбол сайысының қорытындысымен І орын Н.Манаев орта мектебіне тиді. ІІ және ІІІ орындарды Құрманғазы аграрлы - техникалық колледжі мен М.Әуезов орта мектебі еншіледі. Аталған колледждің студенті Алтынбай Ғалламов «Үздік шабуылшы», Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Мирас Шапихов «Үздік ойыншы», Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тимур Нигметуллаев «Үздік байланыстырушы» аталымдарымен ұлығыланды. Марапаттарды аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің бас маманы Мұрадым Кайсаев. ауған соғысының ардагерлері Айжарық Сақташов, Серік Мұфтахов, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Болатбек Өтегенов табыс етті.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT