КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

(0 Votes)

Атырау облысы әкімінің қолдауымен, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен 19 желтоқсан күні «Жыл кәсіпкері – 2025» өңірлік байқауының марапаттау рәсімі өтті. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 11 номинация бойынша анықталды.

Аталған шарада Құрманғазы ауданының кәсіпкерлері төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

«Үздік кәсіпкер әйел» – «Сандуғаш» ШҚ иесі Жармұхамбетова Сандуғаш Қадырбайқызы
«Үздік өндіруші» – «Құрманғазы» сервистік дайындау орталығының басшысы Кенжебаев Біржан Ахонұлы
«Отбасылық бизнес» – «Дайнов А» ЖК басшысы Дайнов Алтынбек Өтежанұлы
«Сауда саласының үздігі» – «Каримов А» ЖК басшысы Кәрімов Альберт Ерболұлы
Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты – жеке кәсіпкер Халенов Еркінбек Халуұлы

Ауданымыздың кәсіпкерлерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге береке тілейміз. Аудан кәсіпкерлерінің алар асулары биік бола берсін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT