20 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің қолдауымен Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен “Жыл кәсіпкері-2024” салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шараға аудан әкімі А.Жангалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Тулепов, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры А.Сабитов және аудан кәсіпкерлері қатысты. Ауданымыздан бірнеше кәсіп иелері түрлі номинацияларға ие болды.
✅”Үздік кәсіпкер әйел” номинациясы бойынша “Бекназар” жеке кәсіп иесі Сугралиева Анар Жұмабекқызы;
✅”Қызмет саласының үздігі” номинациясы бойынша “Боханов Т” жеке кәсіп иесі Боханов Тұрарбек Қадырбекұлы;
✅Атырау облысы әкімі С.Шапкеновтің алғыс хатымен “Тухтаров Е” ЖК басшысы Тухтаров Ерболат Сахташұлы;
✅Атырау облысы әкімінің орынбасары М.Мурзиевтің алғыс хатымен Махаева Роза Шаматқызы;
✅Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы П.Хасановтың алғыс хатымен Есжанова Амангүл Курмангазиевна, Кумаров Бауыржан Тлешұлы, Муханов Сайфолла Тулегенұлы марапатталды. Айта кетейік, Атырау облысы аумағында шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері арасында үздіктерді анықтау мақсатында кәсіпкерлік субьектілерінен қараша айында “2024жылдың үздік кәсіпкері” конкурсына өтінімдер қабылданып, облыстық комиссия шешімімен түрлі номинациялар бойынша үздіктер анықталған болатын.