Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссияның мүшелері Ақынжан Хұсайынов, Болатбек Өтегенов, Оразғали Алғаязов партиялық бақылауда тұрған Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік үй, РТС ауылындағы «Жайлы мектеп» құрылысында болып, жағдайға қанықты. 

Кадырка ауылында салынып жатқан 60 пәтерлік үй шатырының енді профлистысын жабу қалып тұр. Мердігер «Бек и Ко» ЖШС-нің учаске бастығы Жангелді Үмбеталиевтің айтуынша қазір 24 адам жұмыс жасауда. Шеттен келген жұмысшылар елдеріне кеткен. Жалақы уақытында берілуде. Ішке жылу жүйесі мен жылы су тартылған. Сантехникалық, электромонтаж, инженерлік жүйе жұмыстары жалғаса береді. Ал, әрлеу (глад, ротвонд жағу) жұмыстары күн жылынғанға дейін тоқтайды. Бұл нысанға тапсырыс беруші Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Инвестор «НКОК Н.В», мердігер мекеме «Бек и Ко», техникалық бақылаушысы «Батыс эксперт инженеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Нысан басына партиялық бақылауда тұрғанын дәлелдейтін баннер орнатылғалы жатыр. 

РТС ауылындағы 600 орындық «Жайлы мектептің» үшінші қабаты біткен.  Мұнда бас мердігер «Каспий Құрылыс LTD» ЖШС, тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ. Техникалық қадағалаушы «Лидер» ЖШС. Құрылыс басында жүрген мердігер мекеменің өкілі, прораб Жасұлан Айнакуловтің айтуынша қазір 36х18 метрлік үлкен және 18х10 метрлік кіші спорт залының қаңқалары құрылған.  Екі залдың да төбелерінде шатыр болады. 

– Мектептің төбесі шатырсыз, жұмсақ  жабындымен жабылады. Жұмсақ жабындыны қысқаша түсіндіріп өтейін. Алдымен төбеге ерітілген қарамай жағылады. Сосын қара қағаз, үстіне 2 қабат менвата, одан кейін профлист, политэлин, керамзит төселеді. Тор салынып, үстіне цемент құйылады. Одан кейін қайтадан ерітілген қара май жағылып, үш қабат қара қағаз төселіп тасталады. Жұмсақ жабынды арасында су жиналмай, ағып кететін жерлер қалдырылады. Қазір осы жұмыс жасалуда. Ақкөлдегі мектепте біте келді. Жалпы жұмыс күшіне зәрулік жоқ, – дейді Жасұлан Айнакулов. 


Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT