Құрылыс нысандарында болды

(0 Votes)
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Болатбек Өтегенов, Ақынжан Хұсайынов, Оразғали Алғаязов  Құрманғазы ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты.
   
Кадырка ауылында салынып жатқан 60 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің тапсырыс берушісі Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Инвесторы «НКОК.Н.В» компаниясы, мердігер «Век и Ко» ЖШС. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қойған сұрақтарына учаске басшысы Жангелді Үмбеталиев жауап қайтарды. Айтуынша құрылыс материалдары жеткілікті. Жұмыста кідіріс жоқ. Құрылыс басында жетпіс  адам, екі  кран, бір тиегіш трактор, 5 материал тасығыш (длиномер) жұмыс жасауда. Орташа жалақы 350 мың теңге және ол уақытылы берілуде. Жақында тағы да 15 адам жұмысқа алынып, ішкі сылағын соғады. Әзірге ешқандай мәселе туындамаған.
   
РТС ауылындағы 600 орындық «Жайлы мектеп» жобасымен салынып жатқан құрылыста да жұмыс қарқынды. Бірінші қабат өріліп болуы жақын. Бас мердігер «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС, тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construktion» АҚ. Учаске басындағы прораб Жасұлан Айнакулов бізбен әңгімесінде тапсырыс беруші жұмыс барысын жіті қадағалауда ұстап, қажетті материалдарды уақытымен жеткізіп отырғанын айтты. 46 адам жұмыспен қамтылса, оның жартысынан көбі жергілікті тұрғындар. Мұнда су мәселесі қиындық тудыруда. Автокөлікпен ақылы түрде тасылуда. Күніне 6 текше метр су жұмсалады. Ертең бетон құйғанда тәулігіне 2 автокөлік су қажет болады екен. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінен осы мәселенің шешілуіне ықпал етулерін сұрады.
 
 
Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT