Құрманғазылықтарға құқықтық кеңес берілді

(0 Votes)

Бүгінгі ақпараттық қоғамда ха­лық­тың құқық жүйесіндегі заңна­малық ахуалмен құлақтанып отыр­уы аса қажет. Қазір дүкенге кі­ріп азық-түлік алғаннан бастап, баспа­наң­ды ресімдеу, қызметке орналасу сия­қты әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекеттің бәрінде адам өз құқын анық біліп, жа­ңа заңдық нормалармен таныс болмаса ертеңгі күні опық жеуі ықтимал.

Бірақ жасыратыны жоқ, қазір елімізде заңдылық және құқықтық тәртіп туралы толық ақпараттың кө­зін табу оңай емес. Себебі ортақ заңдары­мызға сүйенген бо­­лып, өз алдына әрекет етіп жатқан са­ла­лар да көп екені белгілі. Сондықтан ақ пен қа­раны айыруда көз байланып, күміл­житіндер кездесіп қалады. Ал ме­м­ле­кетіміз үшін  заңдылық және құ­қық­тық тәртіп туралы жан-жақты ақ­парат алу өте қажет. Халық бәрін біліп отыруы тиіс. Бұл, әсіресе, заңдылықты қа­да­ғалау барысында үлкен қолдау болып табылады.

Осыған орай, аудандық орталықтандырылған кітапханада құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығы, Атырау облысы ішкі саясат басқармасы, «Шаңырақ-2008» Атырау қаласы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен құрманғазылықтарға тегін құқықтық-ақпараттық кеңес берілді. Мақсаты – тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес көрсету  және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға, оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер жайында ақпарат беру.

Заңгер консультант, Астана қаласы заңгер кеңесшілер палатасының мүшесі Бауыржан Балмағамбетов, облыстық мәслихат депутаты Зәмзагүл Карсакова, аудан әкімдігі жанындағы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Маркс Мұстахишев алдарына келген тұрғындардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын беріп, заңдылық тұрғысында кеңестерін берді.

Айнагүл Шакупова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521