Тарихи тамыры тереңге бойлаған Амал мейрамы дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Еліміз үшін Амал мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.
Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Амалды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Амалдан амалға аман есен жете берейік деген ниетпен Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі ұжымы аудан орталығында бұқаралық серуен жасады.