2025 жылдың 1-2 қараша күндері Алматы қаласында ментальды арифметика бағыты бойынша Халықаралық сайыс өтті.
Бұл сайысқа Қазақстан, Өзбектан және Қырғызстан мемлекеттерінен 600-ге жуық оқушы қатысып, өздерінің есептеу қабілеттерін және логикалық ойлау машықтарын сынады. Сайыс 2020-2012 жылғы оқушылар арасында өткізілді және қатысушылар өздерінің логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл Халықаралық додада Құрманғазы ауданынан да оқушылар өз бақтарын сынады. Екі күнге созылған сайыс нәтижесімен
-Әдебиет Айару-I орын
-Саинова Медина-II орын
-Абай Айым-II орын
-Жұманияз Әбілхайыр-II орын
-Талғат Заңғар-II орын
-Ержан Алихан-II орын
-Исатаева Зейнаб-III орын
-Жұмажан Нұрислам-III орын
-Қабдолов Батырхан-III орын
-Талған Әли-III орын иеленді.
Білім бәйгесіне балаларды жетекші ретінде дайындаған ұстаз Жунусова Гүлмират Құрманғазиевна өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әр шәкірттің қабілетін ашуға, ой-өрісін дамытуға, олардың халықаралық деңгейде осындай жоғары жетістікке жетуіне зор үлесін қосты. Осындай табанды да ізденімпаз ұстаздарымыз барда, еліміздің ертеңі-білімді де ойлы ұрпақтың қолында екеніне сенеміз!
Балалардың осындай жоғары жетістікке жетуі-Құрманғазы ауданының білім саласының дамып келе жатқанын және жас ұрпақтың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді. Осындай халықаралық жарыстарға қатысу жас жеткіншектердің ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін арттырып, табандылық пен мақсатқа ұмтылуды үйретеді. Құрманғазы ауданының оқушыларының бұл жетістігі-ауданымыздың үлкен мақтанышы және келешек жеңістердің бастауы!
Ата-ана: Наурызбаева Гүльбаршын Мұғалқызы
Нұржау ауылы

