Құрманғазылық мектеп директорлары Эстония және Финляндия елдерінде тағылымдамадан өтті

(0 Votes)

Атырау облыстық Білім беру басқармасының қолдауымен облыстың 50 мектебі бойынша білім сапасын арттыру мақсатында “Атырау Жаңа мектеп”жобасының аясында 2-модулінде мектеп басшылары “Шекарасыз білім беру:заманауи мектеп білімнің теориясы мен практикасы. PISA халықаралық зерттеуі. Эстония және Финляндия тәжірибесі” тақырыбында Таллин және Хельсинки қалаларында тағылымдамадан өттік.

Тағылымдама-Хакатон “Білім берудегі серпін: мектепті өзгертетін идеялар "бағдарламасы аясында осы қалалардағы гимназияларда, халықаралық мектепте, негізгі білім беру мектептерінде мектеп басшыларының, орынбасарлардың, практик мұғалімдердің шеберлік сабақтарына, сабақтарға қатыстық. Эстониядағы негізгі білім және гимназиялық білім беру жүйесі, даму бағдарламасы, ішкі және сыртқы бағалау, мұғалімнің өзіндік талдауы, дигитальдық білім беру, гимназиялық білім берудегі оқушылардың белгілі бір тақырыптағы жобамен жұмысы, Kiva бағдарламасы, оқушылардық шығармашылық қабілетіне қарай білім алуы, табиғаттағы кіріктірілген сабақтар, Финляндиядағы халықаралық мектеп жұмысы, оқушылардың кәсіптік бағдар бойынша таңдауы, зерттеушілік және шығармашылық жұмыстар, оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуы жөнінде таныстық. Ой бөлістік, пікір алмастық, талқылауға қатыстық.

Оқушылардың дағдысы қалыптасқан, ой еркіндігі жоғары, сенім мықты. Оқушы өскен сайын ойы өседі,соған орай таңдауда жоғары болатындығын көрдік. Ерекше баламен жұмыс, ондағы үш қадамдық қолдау жүйесі жақсы қалыптасқан. 

Мықты күш-мұғалім, ең кереметі - Сенім. Барлық жағдай жасалған мұғалім мен оқушы үшін. Мектеп - оқушы білім алатын, дағдыларын қалыптастыратын орын болу керек екенін көріп, куә болдық. Керемет!

Екі елде де құндылық, дағды өте жоғары қалыптасқан. Шынайы өмір. Бақытты бала. 

Тағылымдама аясында түйгенім: Сенім барда дамуға кедергі жоқ екені. Оқу, оқыту, үйрену, үйрету, жүзеге асыру. Ендеше, өз құндылығымызды қалыптастырып, даму, өзгеру жолындағы істеріміздің оңынан болуы үшін тынымсыз еңбегімізге сәттілік, әріптестер!

Сандуғаш Капуова,
Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT