“Атамекен” кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Атырау қаласында “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік көрме байқауы ұйымдастырылды.
Байқау бәсекеге қабілетті өнімді өндіру арқылы “Ауылды дамыту” тұжырымдамасына негізделген жергілікті ресурстардан өнімді жасау және жылжыту бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған “Бір ауыл-бір өнім” жобасы негізінде жүзеге асуда. Оған Құрманғазы ауданынан ЖК “Махмудова Б.К” нан,ет өндірісі және ЖК “Кумаров Б.Т” ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі бойынша қатысып, төл өнімдерін таныстырды.