Қарағанды қаласында пара үстел теннисінен өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында бақ сынаған қос бірдей қарлығашымыз жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Екеуі де аудандық балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубы жанындағы ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған үйірмеде жаттығады. Теннис шарын үстел үстінде қақпақылдай қағуға әбден машықтанған Айнамкөз Мақсатқызы жекелей, топтық және аралас сында да үздік шығып үш алтынды иемденіп, үш мәрте ел чемпиондық атақты жеңіп алды. Шеберлігі одан кем түспейтін құрбысы Наз Артурқызы Амангелді де олжасыз қайтпады. Жеке және топтық сында тым-тәуір жақсы өнер көрсетіп, қос қоланы қанжығасына байлап, біріншіліктің жүлдегері атанды. Осындай қуанышпен оралған қос құрбыны жарысқа белгілі параспортшы Үсенова Фарида Құдиярқызы дайындап алып барды.
Жас теннисшілердің ел біріншілігіне баруына «Құрманғазы аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі(төрайымы Гүлсара Қайырленова) өздері тігін цехында дайындаған өнімдерін сатудан түскен қаржыға демеушілік жасады.
Айбек НӘЖІМОВ