Auyl Sport: Алты спорт түрінен ауыл-аймақта мықтылар іріктеліп жатыр. Шалғайда тұратын шымыр да, шыныққан ұл-қыздарға үлкен спортқа жол ашылмақ. Мұндай мүмкіндікті Auyl Sport жобасы береді.
Еліміздің бар өңірін қамтитын республикалық шара алты спорт түрінен ұйымдастырылып отыр.
Жастар алдымен ауыл-аймақта іріктеліп, үздіктері республикалық финалға жолдама алады. Осы додада біздің Құрманғазы ауданынан қатысқан баскетболдан қыздар командасы жүлделі І орын алды.