Құрманғазылық фельдшерлер ерледі!

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық жедел жәрдем станциясында қызмет ететін фельдшер Аманқос Нұрлыбеков пен Назгүл Құлбаева Ақкөл ауылының 23 жастағы тұрғынын үй ішінде босандырды.

Жүктіліктің 35-ші аптасында іші ауырған келіншек 23 наурыз күні «жедел жәрдем» мен учаскелік дәрігерлерді шақырған. Бірақ, олар келгенше сағат түскі 12:05 шамасында жергілікті фельдшерлер келіншекті босандырып алған. Әйтеуір, шақалақ дін аман. Кейде мұндай жағдайлар қайғылы аяқталып жататынын да айтады дәрігерлер.

Мерзімінен бұрын дүниеге келген ұл баланың салмағы 2,1 келіні, ал, бойы 51 сантиметрді құрайды. Оның кіндігін фельдшерлер кескен. Облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Нұридинқызы қазір ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады.

«Олар бригада көмегімен аудандық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Артынша дәрігерлер медициналық авиация бригадасын шақырту жөнінде шешім қабылдады. Бірақ, кешкі уақытта әуе көлігі ұшпағандықтан ана мен бала санитарлық автокөлікпен облыстық перинатальдық орталыққа жеткізілді» дейді ол. Фельдшер Аманқос Нұрлыбеков мұндай жағдайды бұған дейін де талай басынан өткеріпті.

«Мен осы салада еңбек етіп келе жатқаныма он жыл болды. Қарап отырсам, бұл – менің тәжірибемде үй жағдайындағы үшінші босандыру екен. Шүкір, барлық жағдай да сәтті аяқталды. Анаға да, балаға қауіп төнбеді. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ қой. Айы-күні жеткен келіншектер «жедел жәрдемге» мейлінше ертерек хабарласса, тосын жағдайлардың алдын алуға болады деп ойлаймын» дейді жас маман.

Әділет АМАНГЕЛДІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521