Құрманғазылық атбегілер облыстан марапат алды

(0 Votes)

«Ат – ер қанаты», деп текке айтпаған. Ата-бабаларымыздан мұраға қалған ат баптайтын ұлттық дәстүрімізді бүгінгі буын абыроймен  жалғастырып келеді.

Тұяғымен жер тарпыған тұлпарды баптау, терін алу, бәйгеге қосу оңай шаруа емес. Атбегілер мен бапкерлердің осындай еңбегін бағалаған Атырау атбегілері қауымдастығы «Ұлы дала дүбірі» атты облыстық  шара ұйымдастырды. Салтанатты шара барысында  Атырау облысы бойынша 2023 жылдың үздік атбегі, бапкер, шабандоздары марапатталды.

Олардың қатарында жерлестеріміздің де болғаны көңілімізге қуаныш ұялатты. Атап айтсақ, Ерболат Қабасов «Ардагер атбегі», Нұрбек Дүйсенов «Үздік атбегі», Жақсылық Қапенов «Үздік бапкер», Нұрдәулет Сәрсенғалиұлы, Ернұр Шахмарданұлы, Дінмұхамбет Жайсаңбекұлы үздік шабандоздар ретінде танылды. «Еңбектің еленгені жақсы», дегендей, бұл марапаттар ауданымызда ат спортын дамытуға атсалысып жүрген азаматтарға жаңа серпін сыйлап, жеңіске деген жігерін жани түседі деген ойдамыз. Қолдарынан шыққан желмен жарысқан тұлпарларымыз көбейіп, жақында ғана әлемдік додада Қазақстанның абыройын асқақтатқан сәйгүліктің ізін бассын.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT