“Спорт нашақорлыққа қарсы” акциясы аясында ұйымдастырылған Атырау марафонында, ардагерлер арасында + 60 жас ерекшелігі бойынша жарысқа қатысқан Құрманғазы ауданының ардагер спортшысы Бимурзаев Қайыржан Түйнешұлы жүлделі І орын алып, жеңімпаз атанды.


Айта кетейік, ардагер спортшымыздың қызы жеңілатлет Гүлбахыт Қайыржанова ел, облыс, ауданның мерейін асырып, Парижде өткен паралимпиада ойындарында найза лақтыру (F13 класы) бойынша 34.23 м нәтижесімен бесінші орын алған болатын.