Бүгіннен бастап көлік жүргізушілеріне республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолының 778-833 шақырымында сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Бұл Құрманғазыдан Зинеден ауылына дейінгі аралықты қамтиды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы ПД ППР қызметінің аға инспекторы Ақылбек Хошаевтың айтуынша, бұған дейін жөндеу жұмысына байланысты жылдамдық сағатына 60 шақырым болып бекітілген еді. Исатай ауданының Зинеден ауылынан Құрманғазы ауданына дейінгі арнайы жол белгілері алынып тасталуда.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.