Құрманғазыда әжелер алқасының жылдық есебі тыңдалды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Әжелер өнегесі тәлім-тәрбие көзі» атты шара өтті. Алдымен алқа жанынан құрылған әжелер мектебінің жетекшісі Зиба Баева немерелерімен сомдаған «Әже мейірімі» атты көрініс назарға ұсынылды. 

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Бөлеков шараға сәттілік тілеп,«Бабалар үні – сарқылмас сазы» атты облыстық ардагерлер хор ұжымдары фестивалінің лауреаты атанған  «Ұлағат» ардагерлер хорын, мәдениет, білім, сауда саласының ардагерлері, жеке кәсіпкер, білім, мәдениет саласының қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен ұлығылады. 

Келесі кезекте, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Ғайнетов  бір топ белсенді ардагерлерді Алғыс хатымен марапаттады.  Аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әжелер алқасының төрайымы Балапан Тайпақова баяндама жасап, бір жыл ішінде атқарған жұмыстарынан хабардар еткен соң, кезек пікір айтушыларға берілді. 

Шара соңы «Ардагерлер әуені» атты концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушылар  әжелеріміздің өнерлерін тамашалады.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT