Құрманғазыда жас экологтар сайысы өтті

(0 Votes)

2024 жылы 26 қаңтар күні «Zhasyl El» жас экологтар мен табиғат зерттеушілерінің аудандық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Бұл сайысқа Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, Б. Бегалиев, Панфилов, Абай атындағы жалпы орта мектептері және З. Серікқалиұлы атындағы мектеп интернатының оқушылары қатысты. Сайыс 2 кезең бойынша өткізілді: «Үздік Арт-нысан» кезеңінде әртүрлі қалдықтардан және қайта өңдеуге болатын материалдардан, пайдаланылған заттардан, әртүрлі қаптамалардан және т.б. жасалған шығармашылық жұмыстар жасау болатын.

«Экоблогер» кезеңі - Қазақстанның замануи әлеуметтік мәселелеріне арналған әлеуметтік бейне байқауы. Рұқсат етілмеген полигондар, қайта өңделмейтін қаптамаларды бақылаусыз өндіру, энергия су ресурстарын ысырап ету, ойланбастан тұтыну және өз денсаулығына зиян келтіру, мәдени және әлеуметтік тәрбиенің бұзылуы жөнінде бейнеблог жұмысын жасау.

Осы кезеңдер бойынша, әділ-қазылар алқасының шешімімен келесі қорытындысына келді:

1. «Үздік Арт-нысан» кезеңі:

І орын. М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Аманжол С.

ІІ орын. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Габдилкаким А.

ІІІ орын. Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Шапағат І. З. Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернат оқушысы Сырымгазиева Г. Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сабит М. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Зарипова Ф. Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ғаділбек А. «Алғыс хаттармен» марапатталды.

2. «Экоблогер» кезеңі:

І орын. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ғадылқызы Т.

ІІ орын. З. Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернат оқушысы Мухтарова А.

ІІ орын. Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қаламғали Д.

ІІІ орын. М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Байзул Г.

ІІІ орын. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Асылбек І.

ІІІ орын. Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Уахит Г. Сайысқа қатысқан қатысушылар мен жетекшілер алдағы уақытта биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT