Қазіргі таңда аудан бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту негізі қалыптасып, тиісті шаралар атқарылуда. Тұрақты қолдаулардың арқасында аумақта бизнес жобаны мақсатты түрде игеріп, кәсіпкерлікке бетбұрыс жасаушылар қатары көбейіп келеді.
Осындай оңды істердің жалғасы ретінде бүгін аудан орталығында ашылған «NURSAIA» сауда үйін айтуға болады.
Сауда үйінің ашылу салтанатына қатысқан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нурлыбек Тулепов, Құрманғазы ауылдық округі әкімі Абдуррахман Муса тұрғындарды кезекті жобаның жүзеге асуымен құттықтап, кәсіп иесіне жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар, кәсіп иелері Б.Жүгінісов, М.Теміржанов нысанның құрылысына қол ұшын созғандарға ризашылықтарын білдірді.
Қазіргі таңда ғимарат іші толықтай қолданысқа дайын, ал сыртқы сылақ жұмыстары ауа райына орай кейінге қалдырылып отыр.
Айта кетейік, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған шараларға үлес қосып жүрген жеке кәсіптің иесі «Жүгінісова А» болып табылады.
Қос қабатты, аясы кең сауда орнынан тұрғындар іздегенін таба алады.
Сауда үйінің жалпы аумағы 1150 шаршы метрді құрап, 36 арнайы кабиналарға бөлінген. 1 қабатында түрлі киім-кешек, құрал-жабдықтар саудаланса , ал 2 қабатқа толықтай «Ана мен бала» отбасылық дүкені орналасқан.