Аудан әкімінің кіші мәжіліс залында 31 наурызда өткен №3 бір мандаттық сайлау округі бойынша жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаты таныстырылды. Бұл туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бірәлиев қысқаша хабарлама жасады.
- Шығып қалған мәслихат депутаты орнына сайлау барлық заң талаптары аясында өтті. Дауыс беру күні екі сайлау учаскесінде сайлау ресімдері талаптарын 20 ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде саяси партиялар мен кандидаттардың сенім білдірілген 10 өкілі, саяси партиядан 2 байқаушы және акредиттелген екі қоғамдық бірлестіктерден 4 байқаушы бар. Сонымен бірге 4 БАҚ әкілі сайлау барысынан хабарлар таратты. Байқаушылар сайлауда дауыс беру ашық, айқындық және заңнамаға толық сәйкестік жағдайында өткенін мәлімдеді. Сайлау нәтижесінде үш кандидаттың ішінен №3 бір мандаттық сайлау округі бойынша 188 жылы туған, «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС директоры, Құрманғазы ауылының тұрғыны Ерлан Аманжанұлы сайланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР коституциялық Заңының 112 бабына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 2 сәуірдегі №17 шешімімен Ерлан Аманжанұлы Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаты болып тіркелді, - деген хабарламашы сайланған депутаттың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, куәлігін табыстып, өңіріне арнайы төсбелгісін тақты.
Аудан әкімі Абат Жанғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева атқарушы билік пен өкілді орган арасындағы тығыз байланыс жөнінде айта келіп, су жаңа депутаттың жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Ерлан Аманжанұлы осы ауылда туылғанын, мектеп бітрігеннен кейін жоғары білім алып туған ауылына қайта оралғанын, осында еңбек етіп жатырғанын айтып, депутат ретінде алдағы уақытта өңірдің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысатынына сендірді.
Айбек НӘЖІМОВ